Сайт-визиткасы үшін vkoem.kz
Мұражай туралы по состоянию на начало 2013 года
Құрылған жылы: 1968 ж., Бутаково.селосындағы мектеп мұражайы ретінде
Мәртебесі: Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі ШҚО мәдениет басқармасының
«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Бағдары: көпбағдарлы
Мұражай-қорықтың миссиясы – ҚР халқының дәстүрлі мәдениетінің құрамды бөлігі ретінде
ШҚО халқының дәстүрлі мәдениетін салааралық түрде кешенді зерттеу
Мұражай-қорық жұмысының бағыттары:
1. Жылжитын тарихи-мәдени ескерткіштер мен жылжымайтын сәулет ескерткіштерін анықтау,
толымдау, есепке алу және қорда, ашық аспан астындағы мұражайда сақтау
2. Тарих, мәдениет және сәулет ескерткіштерін зерттеу, жүйелеу және ғылыми айналымға
енгізу, мәдени мұраны көпшілікке танымал ету
3. Мұражай-қорық қызметкерлерінің біліктілік деңгейін арттыру
4. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып халықтың мәдени құндылықтрға
деген қолжетімдігін арттыру
5. Мұражай қызметі саласындағы бәсекелестік қабілетін көтеру
6. Ағаш және тас сәулетшілігінің ескерткіштерін тұрған жерлерінен тасып әкелу
арқылы ашық аспан астындағы мұражайда қалпына келтіру және оларды реставрациялау
7. Сәулет ескерткіштерінің толық немесе ішінара жойылуына, оларды тасып әкелуге
болмайтындығына байланысты ашық аспан астындағы мұражайда оларды қалпына келтіру
және дәл көшірмелерін салу
8. Сәулет ескерткіштерінде өз дәуіріне сай келетін тарихи-тұрмыстық, этнографиялық,
тарихи-көркемдік, мемориалдық интерьерлерді жаңғырту, ашық аспан астындағы мұражайда
– археологиялық қазбаларды (көшірмесі, макеті), зираттарды, өнеркәсіптік, ауылшаруашылық,
әскери және өзге техника бойынша экспозицияларды қайта құру
9. Мәдени мұра ескерткіштерін, саябақтарды, табиғи нысандарды мұражайландыруды,
оларға консервация жасауды, реставрацияны, абаттандыруды іске асыру
10. Өткеннің тамаша дәстүрлері туралы естелікті сақтап қаду және халықтардың тарихи
тәжірибесін қазіргі заманғы ұрпақтарға беру жөнінде қамқорлық жасау, ШҚО халқына
партриоттық тәрбие беру жолында ірі орталыққа айналу
Болашақта: мұражай-қорықтың ресурстық әлеуетін жүзеге асыру және еліміздің жетекші
мұражайларының бірі ретінде дамуын қамтамасыз ету
Мұражай-қорық жүйесі::
Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығының
жүйесінде 2011 жылы мыналар болды:
- 3 ғимарат, олар мемлекеттің қамқорлығына алынған тарих және сәулет ескерткіштері
болып табылады; :
1. Қ.Қайсенов көшесі, 67 мекенжайындағы ғимарат
2. М.Горький көшесі, 59 мекенжайындағы ғимарат
Қазір мұнда қазақтар, орыстар және ШҚО-да тұратын басқа да халықтар этнографияларының
тұрақты экспозициялары жұмыс істейді.
Галерея залдарында (мұражай-қорықтың М.Горький көшесі, 59 мекенжайындағы ғимаратқа
жапсарлас) жеке коллекциялардан, Қазақстан Республикасының басқа мұражайларынан,
ТМД және алыс шетелдерден жүйелі түрде тақырыптық көрмелер ұйымдастырылып тұрады.
3. Головков көшесі, 29 мекенжайындағы ғимарат
Қазіргі кезде ғимаратта әкімшілік, қор және экспозициялық үйжайлар, «Ескі үйдің
шатыры астында» көрме залы, «Ақпараттық-білім Орталығы» ауани бөлімі (мультимедиалық
кинотеатры бар) орналасқан.
- Мұражайландырылған «Жастар» этнобағы, оның ашық аспан астындағы сәулеттік-этнографиялық
экспозициясы бар.. Мұнда 16 этнографиялық нысан – шаруашылық құрылыстары бар үйлер,
қоныстар орналасқан.
- Жамбыла атындағы саябақ
2010 жылғы 10 қаңтарда қала әкімшілігі Жамбыл атындағы саябақты қайтадан мұражай-қорық
иелігіне берді.
- Жазғы бақ (Қ.Қайсенов көшесіндегі ғимараттың жанында)
1986 жылы ашылған.
- Балалар қалашығы (Стрелка ауданы, Е.Славский даңғылы бойында)
- Солжағалық кешен. Жалпы алаңы – 35 га
Солжағалық кешеннің аумағында мыналар бар:
1. Зообақ, алаңы 8 га
Мұражай-қорықтың Солжағалық кешені аумағына 2008 жылы көшірілген. Зообақта 2011
жылдың 1 желтлқсанына қарағанда барлығы 294 жануар болды. Оларда: сүтқоректілердің
10 түрі, дала тасбақасы, құстардың 24 түрі бар. Зообақтағы жануарлардың көпшілік
түрлері: қоңыр аю, теңбіл бұғы, бүркіт, қолға үйретілген қутұмсық қаз, ақбас тырна,
тазқара, дала қыраны Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
2. Ботаникалық бақ, алаңы 14 га, онда түрлі табиғи-климаттық аймақ флорасының
өкілдері орналастырылған.
Мыналар салынып, жұмыс істеуде:
- ислам мәнеріндегі бақ
- жапон мәнеріндегі бақ
- террасалы бақ
- классикалық музыка аллеясы. Қазақстан және Еуропа сазгерлерінің бетон барельефтері
орнатылған
- көпфункциялық маңызы бар жазғы жабық алаң
- кеңестік кезең ескерткіштері аллеясы
- Көрмелік Кіші павильон
- Көрмелік Үлкен павильон
- сахнасы бар музыкалық аллея.
3. Этнографиялық кешен, алаңы 10 га.
Этнографиялық кешеннің аумағында 2010 жылы ШҚО халықтары мен азсанды этнотоптары
халықтық сәулетшілігінің 16 қонысы мен жеке тұрған 3 нысаны салынды. Барлығы 43
нысан: 37 этнографиялық нысан, Салтанаттар үйі, Шеберлер қаласында фибробетоннан
мәнерлі 5 киізүй тұрғызылды.
4. Әскери кешен, алаңы 3 га.
Әскери кешен 2010 жылғы 8 мамырда салтанатты түрде ашылды. Оған енетіндер:
- 2 павильон
- 1938-1970-ші жылдарғы үлгідегі әскери техника аллеясы
Мұражайдың тұрақты түрде жетілдіріліп отыратын экспозициясы аудиториямен жұмыс істеген
кезде негізгі бағыттаушы буын болып табылады, ол келермендермен атқарылатын жұмыстың
түрлері мен әдістерін айқындап береді.
Мұражай өз коллекциялары мен этнографиялық білімдерін насихаттау үшін жүйелі түрде
бағдарламалар жасап отырады, олар тұрақты және келелі аудиторияға есептелген, бұл
ретте халықтың түрлі топтары ескеріліп, атқарылатын іс-шаралар кешендері ұсынылылады
және өткізіледі. Мұражай ұсынатын іс-шаралар бағдарламасы ондаған жылдар бойы қалыптасып,
ең кішкентай келушілерден бастап оңалту орталығының зейнеткерлеріне дейінгі кезкелген
аудиторияға бағытталған. Мұражайдың жұмыс қоржынында Атауы 100-ден астам лекциялар
мен экскурсиялар, атауы 30-дан астам жылжымалы көрмелер, 30-дан астам атаулы көпшілік
іс-шаралар және т.б. бар.
Аудиторияның көбірек қалайтындары мыналар:
- Залдар бойынша экскурсия–лекциялар, экскурсия-сабақтар, мұражайдағы және мұражайдан
тыс жердегі ертегілер, мұражайдағы және мұражайдан тыс жердегі театрландырылған
қуыршақ ертегілік спектакльдер, балаларға арналған конкурстар, викториналар (этнографиялық),
жаңажылдық ертеңгіліктер, мұражай автобусымен қала бойынша, табиғат аясына жасалатын
экскурсиялар.
- Қала мекемелерінің тапсырыстары бойынша тақырыптық кештер, тағдыры қызық адамдар:
сәулетшілермен, СҚӨ шеберлерімен, ақындармен, суретшілермен, музыканттармен (мұражайдың
фольклорлық ұжымының өнер көрсетуі) кездесу кештері, жоғары сынып оқушылары мен
студенттерге арналған музыкалық және әдеби қонақжайлар.
- Мұражайда өткізілетін: «Жаңажылдық», «Наурыз мейрамы», «Құрбан айт», «Ораза айт»,
«Мұхаммед пайғамбардың туған күні – Мәуліт-ан Наби», «Рождество», «Пасха», «Троица»,
«Жеңіс күні», «Космонавтика күні», «Тәуелсіздік күні», «Славян жазуы мен мәдениеті
күндері», «Халықаралық мұражайлар күні» және т.б. мерекелер.
- ТМД мен алыс шетелдердің мұражайларынан ұсынылытын көрмелер
- Мұражай-қорық базасында жылсайын өтетін халықаралық фольклорлық фестивальдер
- «Шеберлер қаласы»
Мұражай «Үміт» балалар үйі, «Жетім жасөспірімдер үйі» үшін жүйелі түрде көпшілік
қайырымдылық іс-шараларын жоспарлап, өткізеді, «Балаларды оңалту орталығында» және
«Үлбі» зейнеткерлерді оңалту орталығында мәдени-ағарту жұмысын жүргізеді, «Сәулетай»
балалар ауылын қамқорлыққа алған. Бұл орайда мұражай мерекелеріне, спектакльдеріне,
ертегілеріне, экскурсия-сабақтарына және т.б. келетін балаларды қызметпен қамту
үшін жылына 2 рет мұражай автобусы бөлінеді. Мұражай қызметкерлері «Үлбі» оңалту
орталығына кешенді бағдарлама: «Бастеньки» фольклорлық ұжымының концерт-лекциясымен,
жылжымалы көрмемен және т.б.. болып, зейнеткерлерге қызмет көрсетеді. Жетім балалар
мен аз қамтылған отбасыларының балаларына қызмет тегін көрсетіледі. Көрмелер мен
ертегілік қойылымдар көрсетілгеннен кейін сурет сабақтарында балалар сурет салып,
конкурстарға қатысады: балалардың барлық еңбектері жергілікті жерлерде көрмеге қойылады,
конкурстан кейін таңдаулылары мұражайда мектептердің жалпы көрмелеріне ұсынылып,
жүлделермен ынталандырылады.
Тарихи-этнографиялық дәстүрлерді танымал ету, ұлттық хәне рухани байланыстарды нығайту
үшін мұражай автобустарының экскурсиялық-туристік маршруттары жұмыс істейді:
1. Халықаралық екі күндік маршрут – «Семейдегі Ертіс өңірінің қасиетті жерлері бойынша»
2. Бір күндік туристік маршрут – «Аңызға бөленген жер» (Сібе көлдерінің маңайы және
Аблайинкит монастырі)
Өскемен қаласының әскери бөлімдеріндегі әскери-қамқорлық жұмыс жаңғыртылды. Әскери
бөлімдерді мәдени қызметпен қамтудың арнайы бағдарламасы жасалды. Үздік қызмет ететін
жауынгерлерді мұражай-қорық базасында қошеметтеу, Қазақстан Республикасының атаулы
күндерін ҰОС ардагерлерінің қатысуымен мерекелеу іс-шаралары ұйымдастырылуда.
Қазақстан Республикасының мерекелеріне орай қаланың әскери бөлімдерінде жылжымалы
көрмелер, тақырыптық экскурсиялар, әңгіме-лекциялар, мұражайдың фольклорлық ұжымының
өнер көрсетуі ұйымдастырылады.
Зейнеткерлермен мынадай жұмыстар жоспарланып, жүргізіледі:
- жыл сайын соғыс және еңбек ардагерлері қоғамымен бірлесіп Жеңіс күніне және Қарттар
күніне арналып дәстүрлі түрде өткізілетін мұражайлық кештерде, дөңгелек үстел жанындағы
кездесулерде, мерекелерде ҰОС пен еңбек ардагерлеріне қошемет көрсетіледі.
- жылына бір рет Қарттар күнінде мұражайда зейнеткерлер үшін «Ашық есік күні» болады,
мұнда экскурсиялар, лекциялар өткізіліп, мұражай туралы бейнефильмдер көрсетіледі,
олар мұражайдың Жазғы бағында демалып, дәм татады және т.б.
Мұражайда балалар үшін дәстүрге айналғандар:
- «Наурыз мейрамы» – 22 наурыз
- «Балаларды қорғау күні» – 1 маусым
- «Білім күні» – 1 қыркүйек
- «Тілдер күні» – 22 қыркүйек
Мемлекеттік осы мерекелермен қатар мұражай балалар аудиториясы үшін өз мерекелерін
де өткізеді:
- «Жаңажылдық серпантин»
- «Ана мерекесі – 8 Наурыз» және т.б.
Первый руководитель музея:
НИКОЛАЙ АЛЕКСЕЕВИЧ ЗАЙЦЕВ – директор музея до октября 2017 года. Орыс,
1947 жылғы 17 мамырда Челябі облысының Верх-Урал ауданындағы Карагайск кентінде
дүниеге келген 1966 жылы ШҚО-ға қоныс аударған. Лениногор ауданының Бутаково
кентіндегі мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып істей жүріп, 1968 жылы мектепте
этнографиялық мұражай ұйымдастырады, ол 10 жылдан кейін (1978 жылы) жинастырылған
бірегей коллекциялары және жүргізілген үлкен тәрбиелік жұмыстары үшін облыстық
этнографиялық мәртебесіне ие болып, Николай Алексеевич оның директоры болып тағайындалады.
1983 жылы мұражай Бутаково селосынан Өскемен қаласына көшіріледі.
Н.А. Зайцев - шебер ұйымдастырушы, нағыз еңбексүйгіштігімен, көздеген мақсатына
жетуде іскерлік табандылығымен ерекшеленеді. Мұражайтану саласында өте білікті,
өз ісінде жаңашыл. Оған тән қасиет – қай кезде болмасын мұражай жұмысының жаңа,
дәстүрлі емес түрлерін енгізуге деген құштарлық. Қазақстан Мәдениет министрлігі
этнографиялық мұражай базасында республика мұражайларының директорлары мен
мамандарының 4 республикалық семинар-кеңесін өткізді (1987, 1990, 1993, 2003
жылдары).
Республикалық және одақтық ғылыми-практикалық конференцияларға неше мәрте қатысқан.
Оның тікелей атсалысуымен республикада тұңғыш рет фольклорлық фестиваль және «Солдаттар
ән салғанда» атты сарбаздар әні фестивалі өткізілді.
Мерейтойлық шаралар (Қабанбайдың 300, Абайдың 150, Әуезовтің 100 жылдықтары, Астананың
тұсаукесері, Алматыдағы Құрылтайлар), жылсайынғы Президент және әкім шыршаларын
ұйымдастырып, өткізуге белсене атсалысты. Облыс шеберлерінің ассоциациясын
(құрамына 150 жетекші шеберлер енеді) құруды, облыстық сәндік-қолданбалы өнер
жәрмеңкесін өткізуді, алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары жанынан халықтық өнер
шеберлерін даярлайтын факультеттер ашуды ұйымдастырушы.
Новосібір және Шығыс Қазақстан облыстарының ынтымақтастығы аясында оның басшылығымен
мұражай Шығыс Қазақстан облысы жетістіктерінің көрмесін безендіруге қатысты.
2003 жылы – Қазақстанның Ресейдегі жылы шеңберінде мұражай Мәскеуде, Барнаулда,
Астанада сауда-өнеркәсіптік көрмесін безендіруге және мәдени шаралар өткізуге қатысты.
Облыста жақын және алыс шетелдерден (Корея, Қытай, Ресей, Үндістан, Иран) тұрақты
түрде көрмелер өткізіліп тұрады.
Мұражай ісін дамытудағы сіңірген еңбегі және қоғамдық белсенді жұмысы үшін Қазақ
КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1988 жылғы 14 наурыздағы Жарлығымен Н.А.Зайцевке
«Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдени қызметкері» құрметті атағы берілді.
2000 жылғы 24 қазанда республика алдында сіңірген еңбегі үшін, елдің әлеуметтік-экономикалық
және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарбаевтың Грамотасымен марапатталды.
Мемлекет алдындағы сіңірген еңбегі, белсенді қоғамдық жұмысы, елдің әлеуметтік-экономикалық
қызметіне және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға
қосқан елеулі үлесі үшін ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 485 Жарлығымен «Құрмет» орденімен наградталды.
Мекенжай:
492024, ШҚО,
Өскемен қаласы, Головков көшесі, 29
Телефон. (7232) 26-46-61
Факс. (7232) 26-90-99